Басты жаңалық

Шағын бизнеске жеңілдік: өсімпұл кешіріледі

Кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін азайту мақсатында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару қағидалары бекітілді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, бұл мүмкіндікті 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша микро және шағын кәсіпкерлік санатына жататын салық төлеушілер пайдалана алады.

Негізгі шарт – кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 қаңтарда тіркелген салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегін 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтеуі тиіс.

Осы талап орындалған жағдайда:

  • бұрын есептелген өсімпұлдар,
  • қарыз өтелгенге дейінгі өсімпұлдар,
  • салықтық құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдар,
  • ҚҚС бойынша тіркелмей жұмыс істегені үшін салынған айыппұлдар
    есептен шығарылады.

Есептен шығару мемлекеттік кірістер органдары жанындағы арнайы комиссияның шешімімен жүзеге асырылады. Егер кәсіпкер негізгі қарызын толық жапса, үш жұмыс күні ішінде өсімпұлды жою туралы шешім қабылданады.

Айта кетейік, бұл жеңілдік кәсіпкерлікке қатысы жоқ жеке тұлғаларға қолданылмайды. Жаңа шара бизнесті қолдауға, салық тәртібін реттеуге және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button