Басты жаңалық

Кешіккен жолаушы не істеуі керек?

Пойызға үлгермей қалған жолаушылар билет құнының бір бөлігін қайтара алады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

Егер жолаушы пойыздан қалып қойса, ең алдымен вокзалдағы билет кассасына жүгінуі керек. Өтініш пойыз билетте көрсетілген станциядан жөнелгеннен кейін бір сағат ішінде рәсімделуі тиіс. Ол үшін жеке куәлік пен билет қажет.

Кассир құжаттарды қабылдап, белгіленген тәртіпке сәйкес қайтару рәсімін жүргізеді. Сондай-ақ бос орын болған жағдайда жолаушыға келесі пойызға билет ұсынылуы мүмкін.

Билет құнын қайтару көлемі арнайы қағидаларға сәйкес анықталады. Ол жолаушыларды, жүк пен багажды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне байланысты жүзеге асырылады.

Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы немесе вокзалдың анықтама қызметінен алуға болады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға вокзалға алдын ала келуді ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button