Басты жаңалық
Елімізде 100-ден аса кәсіпорын жалақыны уақытында төлемеген

1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 102 кәсіпорында 408 жұмыскерге 284 млн теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады.
Тексеру барысында түрлі ұйымдарда еңбек құқығының бұзылуына қатысты мыңнан астам дерек тіркелген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, заңбұзушылық анықталған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 707 ұйғарым беріліп, 89 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 354 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 253 млн теңге жалақы төленді.



