Басты жаңалық

Ақылы жол: төлем мерзімі ұзартылды

Көлік министрлігі ақылы автомобиль жолдарында жүру ақысын төлеу тәртібін жеңілдетті.

Жаңа ережеге сәйкес, енді жеке тұлғалар жол жүрген күннен бастап төлемді 30 күнтізбелік күн ішінде жасай алады. Егер көрсетілген мерзімде төлем жүргізілмесе, 31-күні материалдар көліктік бақылау органдарына жіберіледі.

Ал заңды тұлғалар үшін төлем мерзімі есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін белгіленген. Белгіленген уақыттан кешіктірілген жағдайда материалдар келесі күні-ақ бақылау органдарына жолданады.

Айта кетейік, бұл өзгерістер жүргізушілерге қолайлы жағдай жасап, төлем тәртібін оңтайландыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button