Басты жаңалық

Brent мұнайы 112 доллардан асты

Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсіп, Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 112 доллардан асты.

Бағаның қымбаттауына Иранның АҚШ пен Израильдің әскери операциясына жауап ретінде Ормуз бұғазын жабуы әсер етті. Сарапшылар бұл жағдай энергия ресурстарының жеткізіліміне қауіп төндіріп, нарықтағы тұрақсыздықты күшейткенін атап өтеді.

Наурыз айының алғашқы аптасында табиғи газ бағасы да айтарлықтай өсті. Атап айтқанда, көгілдір отын 63%-ға қымбаттап, мың текше метрі 650 долларға жетті.

Сонымен қатар Brent маркалы мұнай бағасы 24,5%-ға өсіп, қысқа уақыт ішінде айтарлықтай серпін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, геосаяси шиеленіс жалғасса, энергия ресурстарының бағасы әлі де өсуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button