Әлемді мойындатқан Абай спортшылары

Абай облысының спортшылары 2026 жылды жоғары нәтижелермен бастап, ел көлемінде де, халықаралық аренада да жарқын жетістіктерге қол жеткізді.
Қаңтар-наурыз айлары аралығында өңір спортшылары Қазақстан чемпионаттарында барлығы 268 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 78 алтын, 72 күміс және 118 қола бар. Ал олимпиадалық спорт түрлері бойынша 56 алтын, 49 күміс және 90 қола медаль еншіленді.
Жалпыкомандалық есепте де облыс спортшылары тұрақты түрде үздіктер қатарынан көрініп келеді.
Мәселен, Астанада өткен еркін күрестен U-17 жасөспірімдер чемпионатында команда 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль алып, 2-орынды иеленді.
Грек-рим күресінен осы жас санатындағы ел біріншілігінде спортшылар 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жеңіп алып, тағы да 2-орынға тұрақтады.
Ал Таразда өткен U-15 чемпионатында команда 3 алтын медальмен жалпы есепте 3-орынға ие болды.
Халықаралық жарыстарда да жерлестеріміз жоғары деңгей көрсетуде.
Германияның Инцель қаласында өткен конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Вадим Чебардаков масс-стартта, ал Анастасия Беловодова командалық спринтте чемпион атанды. Бұл Абай облысы үшін олимпиадалық спорт түрлеріндегі алғашқы әлем чемпиондары ретінде тарихи нәтиже.
Сонымен қатар Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен құсбегіліктен әлем чемпионатында Ерзат Байқадамов күміс жүлде иеленді.
Ал Тайландтың Паттайя–Районг қаласында өткен Азия чемпионатында есу слаломынан Алуа Мәулетқан қола медаль жеңіп алды.



