Басты жаңалық
Елде инфляция өсімі баяулады

Елімізде инфляция қарқыны төмендей бастады. Қазақстан Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2026 жылғы наурызда айлық инфляция 0,6% болды. Бұл ақпанмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмен.
Жылдық инфляция деңгейі 11%-ды құрады. Баға өсімі барлық негізгі санаттарда байқалды. Азық-түлік тауарлары – 11,7%, азық-түлік емес тауарлар – 11,3%, ақылы қызметтер – 10%.
Сарапшылардың пікірінше, инфляция қарқынының баяулауы баға өсімінің тұрақтана бастағанын көрсетеді.



