Басты жаңалық

Семейде онкологиялық диагностика жаңарды

Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығында жаңа медициналық құрылғыларды іске қосу рәсімі өтті. Жабдықтар орталықтың өз қаражаты және онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспар аясында республикалық бюджет есебінен сатып алынған.

Жаңартылған техника орталықтың диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға, емнің тиімділігін арттыруға және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Іске қосылған құрылғылар қатарында жоғары дәлдіктегі компьютерлік томограф пен цифрлық маммограф бар. Бұл жүйелер заманауи технологиялар арқылы зерттеу сапасын арттырып, дертті уақытылы анықтауға жағдай жасайды.

Жаңа құрылғыларды пайдалануға беру – өңірдегі онкологиялық қызметті дамытуға және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Басқа жаңалықтар

Back to top button