Абай өнімі

Семей бауырсағы трендте

Сөрелер толы өнім. Түрі көп, атауы таныс, қаптамасы тартымды. Бірақ оның ішінде шын мәнінде табиғи, қоспасыз тағам қанша? Соңғы жылдары тұтынушы дәл осы сұраққа жауап іздей бастады. Себебі денсаулыққа әсер ететін факторлардың бірі – күнделікті ас.

Осындай сұраныс аясында «ADAL AS» компаниясы ұлттық тағамды заманауи форматта ұсынып келеді. 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын табиғилықты басты қағидаға айналдырған. Өнімдері қоспасыз дайындалады, ал негізгі мақсат – қазақы астың құндылығын жоғалтпай, оны бүгінгі тұтынушыға бейімдеу.

Соңғы жаңалықтардың бірі – дәстүрлі тағамдардың жаңа форматта ұсыныла бастауы. Мәселен, бұрын тек шай дастарқанымен байланысты болған бауырсақ енді глазурьмен қапталып, десерт ретінде ұсынылуда. Ал жент кәмпит түріне еніп, күнделікті тұтынуға ыңғайлы өнімге айналды. Бұл – ұлттық тағамды сақтай отырып, оны қазіргі нарыққа бейімдеудің нақты көрінісі.
Компания тек ішкі нарықпен шектелмей, халықаралық алаңдарда да көрініп жүр. «HALAL EXPO», Дубайдағы «Gulfood» көрмелері – соның дәлелі. Бұл отандық өнімнің экспорттық әлеуеті бар екенін көрсетеді.

Өндірісте сапаға басымдық берілсе, компания ішінде қызметкерлерге жағдай жасау да назардан тыс қалмаған. Тегін түскі ас, әлеуметтік қолдау, Кайдзен жүйесі арқылы тиімділікті арттыру – тұрақты дамуға бағытталған қадамдар.

Өнім желісіндегі «AS TAL» коктейлі – ұлттық тағамның жаңа форматы. Талқан мен құрғақ жемістерден дайындалған бұл өнім функционалды сусын ретінде ұсынылады. Құрамындағы дәрумендер мен минералдар ағзаға пайдалы деп сипатталады.

Дегенмен, кез келген өнім секілді мұнда да басты өлшем – тұтынушы сенімі. Табиғилық туралы айтылған әрбір уәде нақты сапамен дәлелденуі тиіс.

Бүгінде адал ас – сән емес. Бұл – саналы таңдау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button