Басты жаңалық

Бектенов өңір зауыттарымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапарымен барып, өндіріс пен әлеуметтік нысандарды аралады.


Семейде ол «Агролидер KAZ» зауытына барып, өнім өңдеу жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 72 мың тонна шикізат өңдейді. Сондай-ақ «Qazaq-Astyq Group» зауытында болып, май өндірісінің қарқынын көрді.


Бұдан бөлек, «Техноавиа-Қазақстан» тігін фабрикасына барып, кәсіпорынның жұмысын бағалады. Мұнда жаңа жобалар іске қосылып, қосымша жұмыс орындары ашылмақ.


Жалпы, сапар барысында өңірде өндіріс, экспорт және жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстардың барысы қаралды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button