Басты жаңалық

Салық төлемедің бе? Есепшотыңмен қоштас

2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды. Енді қарызы бар азаматтарға күн сайын өсімпұл есептеледі.

Мемлекеттік кірістер органдары алдымен берешек туралы хабарлама жібереді. Оны өтеуге 30 жұмыс күні беріледі. Егер осы уақыт ішінде төлем жасалмаса, іс сот орындаушыларына беріледі.

Бұдан кейін мәжбүрлі шаралар қолданылады. Банк шоттарын бұғаттау, мүлікке шектеу қою, көлікті қайта рәсімдеуге тыйым салу, тіпті елден шығуға да шектеу қойылуы мүмкін.

Мамандар қарызды уақытында өтемесе, қосымша шығындар көбейетінін ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button