Заң мен тәртіп: Президент қоғамға үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда заңға бағыну мәдениетін күшейту керектігін айтты.
Президенттің сөзінше, заң мен тәртіп күнделікті өмірдің барлық саласында сақталуы тиіс. Әсіресе жолдағы қауіпсіздік мәселесі өзекті.
– Жыл сайын жол апатынан мыңдаған адам қаза табады. Бұл – ережені сақтамаудың салдары, – деді ол.
Тоқаев жүргізушілерді жол ережесін қатаң ұстануға шақырды. Сондай-ақ полицейлерге қарсы әрекеттерге жол бермеу қажет екенін атап өтті.
Президент қоғамда тәртіп пен жауапкершілік күшейсе ғана қауіпсіздік арта түсетінін жеткізді.