Нысан бар, сапа демалыста

Өңір басшысының төрағалығымен өткен кеңесте құрылыс сапасы мен мемлекеттік сатып алу мәселелері қаралды. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақта құрылысқа бақылау күшейген. Былтыр 18 нысанда заңбұзушылық анықталып, оның 5-еуі толық жойылған. Қалғаны бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Әкім барлық құрылыс нысандары заң талаптарына сай әрі қауіпсіз болуы тиіс екенін айтты. Жауаптыларға бұзушылықтарды тез жою, құжаттарды ретке келтіру және тиімсіз жобаларды қайта қарау тапсырылды.

Сонымен қатар бюджетті дұрыс игеру және медициналық нысандардың құжаттарын заңдастыру міндеттелді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша да ашықтық пен әділдікке мән беру керектігі айтылды.
Айта кетейік, бұл бағытта 585 адам қатысқан оқыту семинары өткен.


