Басты жаңалық

Абай облысында 3 адам өндірісте қаза тапты

2026 жылдың алғашқы тоқсанында Абай облысындағы еңбек инспекциясына 268 шағым түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп.

Тұрғындар негізінен жалақының кешігуі, еңбек демалысына өтемақы төленбеуі және заңсыз жұмыстан босату мәселелері бойынша жүгінген.

Инспекторлар 47 тексеру жүргізіп, 148 заңбұзушылық анықтады. Жұмыс берушілерге 3,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Облыста өндірісте 18 жазатайым оқиға тіркеліп, 50 адам зардап шеккен. Оның ішінде 3 адам қаза тапқан.

Мамандардың айтуынша, оқыс оқиғалар көбіне қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болады.

Жыл басынан бері еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған 13 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button