Мақаншыда жаңа теміржол салынып жатыр

Абай облысының Мақаншы ауданында «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы басталды. Жоба өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастамалардың бірі саналады.
Теміржол құрылысын «China Harbour Engineering Company Ltd» компаниясы жүзеге асыруда. Мақаншы ауданы аумағы арқылы өтетін теміржол желісінің ұзындығы 85,3 шақырымды құрайды.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 125 адам жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар 95 техника жұмылдырылған. Бүгінде жер жұмыстары мен дайындық кезеңі басталған.
Жаңа теміржол желісі өңірдегі көлік қатынасын жақсартып, транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ халықаралық жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға ықпал етеді деп күтілуде.
Жобаны 2027 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.



