Басты жаңалық

Көктеректе жаңа мәдениет ошағы бой көтеріп жатыр

Абай облысының Мақаншы ауданына қарасты Көктерек ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы қарқынды жалғасуда.

Мәдениет нысаны ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, мәдени-көпшілік шараларды өткізуге және шығармашылық үйірмелердің жұмысын дамытуға арналған. Құрылыс жұмыстарын «Вика Люкс» ЖШС жүргізуде.

Жоба 2025 жылдың маусым айында басталған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Бүгінде нысан ішіндегі әрлеу және инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мәдениет үйінің жалпы аумағы 909,37 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта 150 орындық көрермен залы мен 50 оқырманға арналған кітапхана қарастырылған. Сонымен қатар мәдениет нысаны толық іске қосылғанда ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.

Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2026 жылдың мамыр айында аяқталады. Жаңа нысан ауылдағы мәдени өмірге серпін беріп, тұрғындардың шығармашылықпен айналысуына және түрлі іс-шараларды өткізуге мүмкіндік жасайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button