Дін мен дәстүр

Арбауға ең осал кезеңдерде жасөспірімдерді қолдау

Жасөспірімдік шақ — адамның өзін, өмірдегі орнын және дүниетанымын қалыптастыратын маңызды кезең. Осы уақытта жалғыздық, жанұядағв түсініспеушілік, құрдастар қысымы немесе өмірдің мәнін іздеу жасөспірімді сыртқы ықпалға осал етуі мүмкін.

Дінге қызығушылықтың өзі қауіпті емес. Керісінше, баланың діни сұрақтарына сауатты жауап беру оның дұрыс ақпарат пен радикалды идеологияны ажырата білуіне көмектеседі.

Мысалы, деструктивті идеологияны таратушылар жасөспіріммен алдымен сенімге негізделген жеке қарым-қатынас орнатуы мүмкін. Кейін «сені біз ғана түсінеміз» деген сияқты манипуляция арқылы оны отбасы мен достарынан алшақтатуға тырысады.

Сондықтан жасөспірімге тыйымнан бұрын сенім, сауатты діни білім және сыни ойлау дағдылары қажет.

Балаға көмектесудің 4 жолы:

* оны мұқият тыңдау;
* діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алуға үйрету;
* күмәнді аккаунттар мен ұсыныстарды ажыратуға баулу;
* қиындық кезінде айыптамай, қолдау көрсету.

Жасөспірімге дін туралы дұрыс әрі сенімді ақпарат беру — оның діни ұстанымын саналы түрде қалыптастыруға көмектеседі. Сыни ойлау мен діни сауаттылықты қатар дамыту жасөспірімді жалған діни ақпарат пен теріс идеологиялық ықпалдан сақтандырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button