Басты жаңалық

«Қалбатау – Майқапшағай» автожолы ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында бүгін республикалық маңызы бар, ұзындығы 415 шақырымды құрайтын «Қалбатау–Майқапшағай» автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ашылды.

Жоба шеңберінде 8 асфальтбетон зауыты жұмыс істеді. 2,4 млн тонна асфальтбетон қоспасы өндіріліп, 1,3 млн текше метр қиыршық тас пайдаланылды. Сондай-ақ, шамамен 1100 бірлік жол-құрылыс техникасы және 1800-ден астам маман тартылды.

Қайта жаңарту аясында 37 көпір, 2 жол өткелі, 2 көлік айрығы, 349 су өткізу құбыры, 5 демалыс алаңы және 2 санитарлық-гигиеналық торап салынды.

Күре жолдың ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ төрағасы Дархан Иманашев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Ерлан Саиров, Ұлықбек Тұмашинов, Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button