Педагогтердің кәсіби шеберлік додасы

Абай облысында математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада өтті. Іс-шараны Абай облысы білім басқармасы мен Семей қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ұйымдастырды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашыл ұстаздарды қолдау және үздік тәжірибелерді тарату. Байқауға өңірдің қала және аудан мектептерінен 153 мұғалім қатысты, олардың 107-сі – математика, 46-сы – информатика пәні педагогтері.
Нәтижесінде үздік мұғалімдер анықталып, жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар жоғары нәтиже көрсеткен 5 педагог IMPACT Olympiad–2026 халықаралық шығармашылық байқауына жолдама алды.
Бұл олимпиада ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, облыс деңгейіндегі білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды шара болды.



