Білім
Оқушылар сабаққа бармайды

Абай облысында 10 073 оқушы онлайн оқып жатыр. Оның ішінде 9 870-і — Семей қаласында, ал 203 оқушы — Ақсуат, Аягөз және Бесқарағай аудандарында.
Аймақта жалпы 304 мектеп, 99 391 оқушы бар. Соның ішінде 246 мектеп дәстүрлі, ал 58 мектепте ішінара қашықтан оқыту енгізілген.
Мамандар бұл шаралар тұмау мен ЖРВИ таралуын болдырмау мақсатында ҚР Бас санитариялық дәрігерінің №6-ПГСВ қаулысы негізінде алдын алу шаралары енгізілгенін айтады. Қаулы бойынша сыныптағы науқас оқушылар саны 30%-дан асса, олар уақытша қашықтан оқыту форматына көшіріледі.



