Гид

Аспалы көпір туралы білдіңіз бе?

Семей десе, аспалы көпір бірден еске түседі. Қаланы екі жағалаумен жалғап тұрған бұл нысан бүгінде өңірдің басты нышанына айналды.

Аспалы көпір – заманауи инженерияның туындысы. 2000 жылы пайдалануға берілген Семей аспалы көпірі – Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі. Ұзындығы 749 метр болатын бұл көпір Ертіс арқылы өтетін көлік қозғалысын жеңілдетіп, қала логистикасын түбегейлі өзгертті.

Бүгінде ол Орталық Азиядағы ең ірі аспалы көпірлердің қатарында.

Аспалы көпірі жапондық инженерлердің қатысуымен салынған. Құрылыс кезінде халықаралық стандарттар сақталып, жел мен дірілге қарсы заманауи технологиялар қолданылған.

Көпірдің маңызы тек көлік қатынасында емес. Ол Семейдің архитектуралық бет-бейнесін түбегейлі өзгертті. Қазір аспалы көпір қала брендіне айналып, туристердің ең көп баратын нүктелерінің бірі.

Туристер мен қала тұрғындары көпір үстінен Ертістің көрінісін суретке түсіруді дәстүрге айналдырған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button