Басты жаңалықМәдениет
Абай бейнесі Рим төрінде

Рим қаласындағы Вилла Грациоли саябағында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының бюсті салтанатты түрде ашылды.
Абай мұрасы әлемге ортақ. Бүгінде ақынның ескерткіштері мен бюстері Ташкенттен Парижге дейінгі ондаған қалада орнатылған. Енді сол қатарға Рим де қосылды — Еуропаның жүрегінде Абай рухы жаңғырып тұр.




