Заң
2323 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2025 жылдың басынан бері Абай облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеген 2323 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар жол қозғалысы ережелерін бұзған 3960 жаяу жүргінші мен өзге де қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Көп жағдайда тұрғындар жолды белгіленбеген жерден кесіп өтумен көзге түскен.
Абай облысы Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды мұқият болуға, белгіленген ережелерді сақтауға және жолдағы қауіпсіздік – әрбір адамның ортақ жауапкершілігі екенін естен шығармауға шақырады.




