Білім
AI аренасында – Абайдың балалары

Алматы қаласында өткен халықаралық FAIO 2025 (Fizmat AI Olympiad) жасанды интеллект олимпиадасында Абай облысы Білім-инновация лицейінің оқушылары жүлделі ІІ орын иеленді.
Команда құрамында 10-сынып оқушылары Темірлан Жүнүсов, Асанәлі Микебаев, 11-сынып оқушысы Әлем Аменов бақ сынады.
FAIO – жасанды интеллект саласындағы оқушыларға арналған ең ауқымды халықаралық командалық олимпиадалардың бірі.
Биылғы додаға Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Тәжікстан және Кипр елдерінен 400-ден астам команда 1200-ге жуық қатысушы қатысты.




