Басты жаңалық

Берік Уәли археолог Зейнолла Самашевпен кездесті

Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевпен кездесті.

Ғалым аймақ басшысына Елеке сазы қорымынан табылған көне түрік дәуіріне жататын құнды жәдігерлерді таныстырды. Археолог бұл кешеннің тарихи және мәдени маңызы зор екенін атап өтіп, зерттеу жұмыстарын жалғастыру және табылған олжаларды Семей қаласында көрме түрінде көпшілікке ұсыну жөнінде ұсыныс жасады.

Облыс әкімі археологиялық мұраларды сақтау мен насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, ғалымның бастамаларына қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button