Shygys Mall ашылуы жоспарлануда

Абай облысында ірі инвестициялық жобалардың бірі – “Shygys Mall” сауда және ойын-сауық орталығының құрылысы жалғасуда. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, нысанның ашылуы 2026 жылдың қаңтарына жоспарланып отыр.

Жобаның жалпы құны 515 млн 250 мың теңгені құрайды. Қазіргі уақытта орталық әкімшілігі ғимарат ішінде орналасатын сауда нүктелері мен қызмет көрсету орындарының тізбесін нақтылап жатыр. Сондай-ақ, болашақта ашылатын жұмыс орындарының саны әзірге белгісіз.
“Shygys Mall” іске қосылған соң, өңірдегі іскерлік белсенділікті арттыруға, сауда инфрақұрылымын дамытуға, қосымша жұмыс орындарын құруға және жергілікті бюджетке салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жоба тұрғындарға демалыс пен ойын-сауықтың жаңа форматтарын ұсынып, қаланың әлеуметтік өмірін жандандыруға ықпал етпек.



