Гид

Қолшатыр астындағы көрікті бұрыш

Семей қаласының Бауыржан Момышұлы мен Ыбраев көшелерінің қиылысында орналасқан ерекше қолшатырлы орындық — қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті фотолокацияларының бірі. Кешкі жарық шамдарының астында бұл орын ерекше әсер сыйлап, кез келген суретіңізге сән береді.

Бұл аймақ қаланың орталығында орналасқандықтан, маңайында да көптеген әдемі локациялар мен заманауи көріністер бар. Қалалық серуенге немесе фотосессияға таптырмас мекен!

Келіп, жақын жандарыңызбен көңілді сәттерді естелікке айналдырыңыз — бұл бұрыш суретке түсуге де, тынығып демалуға да тамаша орын.

Мекенжай: Семей қаласы, Б.Момышұлы мен Ыбраев көшелерінің қиылысы

Семейде мұндай ерекше архитектуралы және көзтартарлық ғимараттар өте көп. Кейбірі ескі болғанымен, тарихтың тынысын сақтап, қалаға ерекше көрік беріп тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button