Басты жаңалық

Ауыл тазалығы – аманат

Көкпекті ауданындағы Жеңіс саябағында «AMANAT» партиясының қолдауымен экологиялық бағыттағы «Таза бейсенбі» атты акция өтті. Шараның мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті арттыру, табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Акцияға «AMANAT» партиясының Көкпекті аудандық филиалының белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері мен жергілікті жастар қатысты. Барлығы 25 қатысушы бірігіп, 0,5 гектар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, тұрғындар үшін таза әрі жайлы демалыс аймағын қалыптастырды. Нәтижесінде 1 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналды.

Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығына назар аударды.

— «Таза орта – салауатты қоғамның негізі. Әр азамат өз ауылының көркеюіне үлес қосса, қоршаған ортаның жағдайы жақсара түседі», – деді Көкпекті аудандық мәслихатының депутаты Талғат Сарманов.

Акция қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай экологиялық бастамаларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті. «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да экологиялық бағыттағы қоғамдық жұмыстарды кеңейтіп, елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуына ерекше көңіл бөлуді жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button