Басты жаңалық

Сауда орталықтары сын көтермейді

Семейдегі сауда орындарының қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Себебі қарапайым эскалаторлар дұрыс жұмыс істемейді. “Smart” ойын-сауық орталығында бұл жүйе бірде істеп, бірде тоқтап тұрса, “Park City” сауда үйінде мүлде істен шыққан. Алатау, Керуен, Қазына секілді нысандарда да жағдай аса тұрақты емес: орнатылғаны бар, бірақ олардың сенімді қызмет етуі кездейсоқ.

Эскалатор істемеген кезде қарттарға, балалар арбасымен жүрген ата-аналарға өте ауыр. Қолайсыздықтан бөлек, қауіпсіз екеніне сену қиын. Одан бөлек әр сауда үйінде жедел саты бар. Бірақ оның да үнемі істеп тұратыны шамылы. Осындайда еріксіз сұрақ туады: жауапты мамандар қайда қарап отыр? Ал бүгінгі көрініс, тұрғындардың жайлылығы назардан тыс қалғанын айқын көрсетеді. Жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілмейді, бақылау әлсіз, келушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігі екінші орынға қалып қояды. Аздап назар аударып, нақты бақылау орнатса, бұл мәселені де шешу қиын емес.

Эскалатор мәселесі — ұсақ-түйек емес, Семейдегі ұйымдастыру деңгейінің айнасы. Шын даму керек болса, ең алдымен осындай базалық инфрақұрылымдық түйткілдер шешілуі тиіс.

Айта кетсек, 2026 жылдың қаңтар айында Shygys Mall сауда орталығының ашылады. Алайда оның ішінде барлығы расымен дұрыс жұмыс істей ме, әлде тағы да сол бұрынғы жағдай қайталана ма — оны уақыт көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button