Басты жаңалықМәдениет
Семейдегі кинотеатрлар талапқа сай ма?

Семейде қала кинотеатрларының қызмет сапасы мен мәдени маңызы талқыланды.
Бүгінде Семей қаласында 5 кинотеатр тұрақты түрде қызмет етеді. Олардың ішінде тарихи «Дастан», заманауи «Қазына», «Smart», «Rabbit» және «G Cinema Park» секілді жаңа нысандар көрерменге сапалы қызмет көрсетіп келеді. Өткен жылы қала кинотеатрларында 22 мыңнан астам киносеанс өтіп, 335 мыңнан астам көрермен қамтылған.
Мәдениет басқармасы алдағы уақытта кино саласында заманауи технологияларды енгізіп, көрермендерге барынша қолайлы жағдай жасауды көздеп отыр. Сарапшылардың пікірінше, кино кеңістігінің дамуы – өңірдің мәдени әлеуетін көтерудің және тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізудің маңызды тетігі.




