Басты жаңалық
Мектеп асханаларына партиялық мониторинг

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы Семей қалалық білім бөлімімен бірге №2 және №26 мектеп асханаларына тексеріс жүргізді.
Мониторинг барысында мектептерде қоғамдық тамақтандыру қызметін ЖК «Ибраев» көрсететіні анықталды. Асханалар санитариялық талаптарға сай, жуу құралдары жеткілікті, тағам мәзірі мен жұмыс кестесі бекітілген.
Сонымен қатар комиссия мектеп әкімшілігіне сорғыш құрылғы орнату, бракераж комиссиясын жаңарту және жуу құралдарының сертификаттарын жаңарту жөнінде ұсыныстар берді.
Партия өкілдері оқушыларды сапалы әрі қауіпсіз тағаммен қамтамасыз етуге бағытталған бақылау жұмысы жалғасатынын айтты.




