Білім

Нәзипа Құлжанова ізімен

Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенттері Нәзипа Құлжанованың стилін жаңаша түрлендіріп, күнделікті киім үлгісіне айналдырды.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің студенттері бұл образ арқылы нәзіктік пен ұлттық болмысты қатар көрсетіп жүр. Қыздардың айтуынша, форма — өз бастамаларының жемісі әрі ұстаздық мамандыққа деген құрмет белгісі.

Қазір бұл киім желіде трендке айналып үлгерді. Алдағы уақытта бұл образды киетін студенттердің қатары көбейе түсері сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button