Абай облысының дзюдошылары аралас командалық сайыста чемпион атанды

Семей қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. 10–13 қараша аралығында өткен додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген 569 спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды.
Абай облысының спортшылары аралас командалық жарыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының құрамаларын жеңіп, чемпион атағын иеленді.
Жерлестеріміздің бұл жеңісі — олардың дайындық деңгейінің, шеберлігінің және бірлескен командалық жұмысының нәтижесі.
Бұл нәтиже Абай облысының спортшыларына алдағы халықаралық жарыстарда Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғауға мүмкіндік береді.
Абай облысы спортшыларының жетістігі өңірдегі дзюдо спортының қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.



