Басты жаңалық

«Семей Водоканалға» 13,8 млн теңге айыппұл салынды

Абай облысының прокуратурасы «Семей Водоканал» коммуналдық мекемесіне 13,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл салды.

Тексеру барысында мекеме 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның бірқатар іс-шараларын толық орындамағаны анықталды. Соған қарамастан кәсіпорын жоғары тарифтер бойынша табыс алып келген.

Аталған заңбұзушылыққа байланысты коммуналдық мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Облыстық прокуратура бұл мәселеге байланысты өңірдегі коммуналдық кәсіпорындарға ескерту жасады. Алдағы уақытта азаматтардың құқықтарының сақталуы мен тарифтердің заңдылығы прокуратураның тұрақты бақылауында болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button