Басты жаңалық
Көшіп келушілер үшін есік айқара ашық

2025 жылға арналған ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде Абай облысына 499 адамға квота бекітілген. Оның 244-і қандастар, 255-і жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар.
Облыстағы 331 елді мекеннің 316-сы қабылдау аумағы ретінде айқындалған. Қазір өңірге 419 адам қоныстанды. Оның 198-і қандастар, 221-і ішкі қоныс аударушылар.
Ішкі миграция бойынша облысқа негізінен Астана қаласы, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстарынан азаматтар қоныс аударуда. Қандастар Моңғолия, Қытай және Өзбекстан елдерінен көшіп келіп жатыр.



