Көрші шағымы қаншалықты заңды?

Қаладағы көпқабатты үйде тұратындар арасында «көрші шулап жатыр» деген желеумен полиция шақыру жиі кездеседі. Бірақ мамандар бұл шағымдардың басым бөлігі заң талаптарына сай еместігін айтады. Себебі тұрғындар тыныштық режимнің нақты ережелерін біле бермейді.
Заңнамаға сәйкес, тұрғын үйде тыныштық сақтау үшін белгілі бір дыбыс деңгейі бекітілген. Таңғы 9-дан кешкі 10-ға дейін 55 децибелден аспауы тиіс. Ал түнгі уақытта 40 децибелден жоғары болмауы қажет. Бұл көрсеткіштер арнайы құралмен өлшенеді. Полиция айыппұл салу үшін шудың деңгейін анықтау куерек. Өлшеусіз салынған айыппұл – заңсыз.
Тыныштық бұзу қатарына жөндеу жұмыстарының, құрылыс құралдарының және қатты шыққан музыка дыбысы кіреді. Демек әкімшілік құқықбұзушылық болып есептеледі. Ал баланың ойнауы, қонақтардың әңгімесі немесе шаңсорғыш дыбысы үшін уайымдамаңыз. Жұқа қабырғалы үйлерде мұндай дыбыстардың естілуі қалыпты, бірақ ол үшін айыппұл салуға негіз жоқ.
Мысалы, үйде су құбырлары жарылса, шұғыл түрде бұрағышты немесе басқа да құралдарды қолдануға болады. Бірақ дәлелдейтін бейнежазба қажет. Мұндай жағдайда айыппұл салынбайды.
Баланың дауысы мен қонақтардың әңгімесі естілсе де, көршілермен сыйластығыңыз үзілмесін.



