Басты жаңалық
Водный кенті электрден таршылық көрмейді

Бүгін Облыс әкімі Берік Уәлиұлы жұмыс сапарымен Водный кентіне барып, тұрғындармен кездесті. Жарық, су және жолдың кезең-кезеңмен жасалып жатқанын айтты. 2025 жылы Водный кентінде төрт көшеде электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы Восточный кентінде «БЭСК» АҚ ұйымымен мынадай жұмыстар жүргізілді: электр беру желілерінің 500-ден астам темірбетон тіректері ауыстырылды, екі жаңа трансформаторлық қосалқы станция орнатылды, бір трансформаторлық қосалқы станция ауыстырылды, шамамен 18 километр СИП-кабель салынды. Сонымен қатар, Восточный, Водный және Восход кенттерінің көше жарығы бойынша 2024 жылы 200-ге жуық көше жарығы шамдары ауыстырылды.



