Басты жаңалық
Ет іздесең, Абайға кел

Агроөнеркәсіптік кешен саласында облыстың экономикалық дамуына серпін беретін ірі инвестициялық жобалар іске асуда. 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласына 45,9 млрд теңге инвестиция салынды.
2026 жылдың тамызында Жаңасемей ауданында ет өнімдерін экспорттауға мүмкіндік беретін ет комбинаты жобасы іске асырылуда.
Бұл бағытта биыл Ақсуат ауданында жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайтын 5,0 мың басқа арналған өндірістік мал бордақылау алаңы іске қосылды. 2031 жылға дейін ет класстерін құру бағытында облыстағы бордақылау алаңдарынның қуаттылығы 21 мың бастан 86,5 мың басқа дейін ұлғайту көзделуде.



