Басты жаңалық

Жастарға жол ашқан жаңа орталық

Курчатов қаласында қайта жаңғыртудан өткен Жастар ресурстық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Заманауи форматта жаңартылған нысан жастардың бастамаларын қолдауға және олардың жан-жақты дамуына бағытталған маңызды орталыққа айналмақ.

Іс-шараға Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев пен Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Әсет Асхатұлы Баймұрзаев қатысты.

Ғимарат алғаш рет 1949 жылы салынған. Өткен жылы нысанда ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, биыл пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 1123,4 шаршы метрді құрайтын орталық заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Енді мұнда жастарға арналған білім беру, тіл дамыту, шығармашылық және қоғамдық бағыттағы түрлі жобалар мен іс-шаралар ұйымдастырылады. Жаңартылған орталық жастардың белсенділігін арттырып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиімді алаң болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button