Аягөзде жарық көшелер көбеюде

Аягөз ауданында көше жарығын жақсарту бағытында биыл ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қала көшелерінің жарық бағандарын күтіп ұстауға 63 млн теңге, ал Аягөз қаласындағы жарықты ағымдағы жөндеуге облыстық бюджеттен 66 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат Барақ батыр, Желтоқсан, Апрошкина, Даутбергенов, Шакеров, Сатпаев, Нұғманова, Алтынсарин және Күдерин көшелеріндегі ұзындығы 6,9 шақырым құрайтын жарық желілерінің аяқталмаған учаскелерін толық жабдықтауға бағытталған.
Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 13 ауылдық округте көшелерді жарықтандыру, жөндеу және шамдарын ауыстыру жұмыстарына 119 млн теңге жұмсалды. Оған Ақтоғай, Тарбағатай, Ақшәулі, Айғыз, Емелтау, Қопа, Мыңбұлақ, Нарын, Сарыарқа, Бидайық, Баршатас, Малкелді және Мамырсу ауылдары кіреді.



