Басты жаңалық
Аягөз қысты жылы қарсы алады

Аягөз ауданында жылу жүйесін жаңарту биыл ерекше назарда болды. Жеті қазандыққа тәуелді орталықтандырылған жүйені жақсартуға 2 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде «Орталық» қазандықтың қуаты 13,2-ден 30 Гкал/сағатқа дейін арттырылуда.
Сонымен бірге 571,3 млн теңгеге жылу трассасының 7,3 шақырымы ауыстырылып, тозу деңгейі 29,8%-дан 10%-ға дейін төмендеуі тиіс. Қалған қазандықтарда да ревизия жүргізілді. «Сәуле» мен «Новая» қазандықтары коммуналдық меншікке өтуде.
Жалпы алғанда, жұмыс жүріп жатыр, қаржы да жеткілікті. Ендігі мәселе — қысқы маусымда жүйенің шын мәнінде қаншалықты тұрақты жұмыс істейтіні.


