Басты жаңалықДенсаулық
Тұмаудың негізгі соққысы балаларға тиіп жатыр

Семей қаласында эпидемиялық маусым басталғалы бері 24 458 ЖРВИ және тұмау жағдайлары тіркелді. Оның ішінде A/H3N2 және A/H1N1 тұмауы бойынша 25 адам.
Мектептерде жағдай қазір ерекше назарда, себебі балалардың арасында ЖРВИ жиі тіркелуде.
Жалпы шаһар бойынша 35 270 тұрғын тұмауға қарсы егілді, бұл жалпы халықтың 11,2% құрайды.
Дәрігерлер тұрғындарды маусымдық тұмаудан сақтану үшін профилактикалық шараларды сақтауға және уақытылы вакцина салдыруға шақырады.



