Басты жаңалық

Аягөзде биыл жол жөндеу қарқыны күшейді

Биыл Аягөз ауданынында «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 774,9 млн теңгеге Айғыз, Ақшатау, Баршатас және Тарбағатай ауылдарының көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Ақтоғай-Перещеек 17 шақырым аудандық маңызы бар жолы үшін жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 388,9 млн теңге бөлініп, жолын тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Аягөз қаласына облыстық бюджеттен 570,9 млн теңгеге 10 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, Аягөз қаласының жолдарын қысқы, жазғы күтіп ұстауға жергілікті бюджет есебінен 238,4 млн теңге бөлінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button