Жастар қылмысқа бейімделіп бара ма?

Абай облысында биыл 18–35 жас аралығындағы азаматтар арасында 489 қылмыс тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында облыстық Полиция департаментінің өкілі мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, қылмыстардың 51% мүлікке қол сұғу, 25% адамға қарсы әрекеттер. Қалған 116 іс өзге баптар бойынша тіркелген.
Қылмыс жасағандардың 85,6% ер адамдар, 80,7% тұрақты жұмысы жоқ. Студенттер 6 қылмыс жасаған.
Есірткі қылмыстары бойынша да өсім бар. Анықталған 25 фактінің 17-сін жастар жасаған, оның 9-ы есірткі таратумен айналысқан. Биыл тәркіленген есірткі көлемі 415 келіден асты.
Полиция кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасыз жүруін болдырмау мақсатында рейдтерді күшейтті. Заң бойынша жасөспірімдердің 22:00–06:00 аралығында ойын-сауық орындарында және 23:00–06:00 аралығында көшеде ата-анасыз жүруіне тыйым салынады.



