Басты жаңалық
Өрт азайғанымен, ажал көбейді

Биыл өңірле жылу маусымы басталғалы 74 өрт тіркелді. Бұл былтырға қарағанда 60 пайызға аз.
Өрт саны азайғанымен, зардап шеккендер көбеюде. Маусым басынан 5 адам жарақат алып, 3 адам қаза тапты. Оның біреуі – бала. 6 адам көміртек газынан уланып, медициналық көмекке жүгінген. Мұндай жағдайлар мұржаның тартпауы мен түтін жолдарының күйеден тазаланбауынан туындаған.
Өңірде улы газды анықтайтын қондырғылар орнату жалғасуда. Құрылғылардың уақтылы іске қосылуының арқасында 14 азаматтың, оның ішінде 9 баланың, өмірі аман қалған.



