Демографияның драйверлері – Аягөздің мықты әйелдері

Аягөз ауданында көпбалалы аналардың еңбегін ерекше бағалайтын айрықша сәт өтті. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталған бұл рәсім – аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегіне деген шынайы құрметтің көрінісі болды.
Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Айбек Серікболұлы көпбалалы аналарды құттықтап, олардың әрбір жетістігі – ауылдың, ауданның және бүкіл елдің дамуындағы маңызды үлес екенін атап өтті. Төсбелгілерді табыстау сәті аналардың мерейін өсіріп, атмосфераға ерекше жылулық сыйлады.
Жиын соңында Айбек Серікболұлы аналарға жүрекжарды ізгі тілегін білдіріп, дендеріне саулық, отбастарына береке тіледі. Бұл марапаттау – тек ресми рәсім ғана емес, ұрпақ өсіріп, елдің болашағына тірек болып отырған аналарға арналған шынайы алғыс пен құрметтің белгісі ретінде есте қалды.



