Заң

Жүргізуші куәлігі де жоқ, ақша да жоқ

Жүргізуші куәлігін «алып беремін» деп уәде еткен әйел ұсталды. Бұл туралы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

22 жастағы қала тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арызданған. Айнұр есімді әйел жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесетінін айтып, 270 000 теңге жымқырған. Ал ақшамен қоса әйел де ғайып болған.

Полиция қызметкерлері 25 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындап, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жаратқанын айтқан.

Аталған іс бойынша алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button