Басты жаңалық
Ұлттық салбұрын — Абайда

Абай ауданында ұлттық аңшылық өнерге арналған республикалық салбұрын өтіп жатыр. Елдің түкпір-түкпірінен келген бүркітшілер, құсбегілер және тазы жүгіртушілер сайысқа түсті.
Бүркіт пен қаршығаның қырағылығы, тазылардың желдей жүйріктігі көрерменнің көз алдында сыналып жатыр. Доданы тамашалауға жиналған жұрт та көп.
Жарыс бірнеше кезеңмен өтеді. Соңында үздік қатысушылар марапатталады.



