Хабарландыру
Дәстүрлі ән байқауы

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының ұйымдастыруымен «Жалғыз арша» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтеді.

🗓 1–2 желтоқсан
📍 «Әміре» концерттік залы
⏰ Басталуы: 9:00
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен дәстүрлі өнер өкілдері қатысады. Шараның мақсаты – ұлттық ән өнерін насихаттау және жас дарындарды қолдау.
Кіру тегін.
Баршаңызды өнер додасына қатысып, үздік орындаушылардың өнерін тамашалауға шақырамыз!

