Басты жаңалықЗаң
Полициядан қашқан жүргізуші

Аймақта ауыр жүк көлікке бақылау күшейтілді. Бұл туралы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыр жүк жолды тез бүлдіретіндіктен, мамандар бақылауды күшейткен. Рейд барысында кей жүргізушілер қашып, тексерістен өтуден бас тартқан.
Соның бірі артық жүктен құтылу үшін тұрғын үйлердің жанында топырақ төгіп, қоршауды сындырды. Полиция талабына бағынбай, тіпті қызметкерді қағып кете жаздаған.
Жүргізуші заңға бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылып, көлігі айыптұраққа қойылды.



